ҚарМу-дың ректорына 5 мың доллар пара берді деген айып тағылды

Oinet.kz 10-09-2019 908

Screenshot_4.jpg

Көрнекі фото

Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректорына пара берді деген айып тағылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Oinet.kz  порталы хабарлады.

«ҚР БҒМ «Ғылым қоры» АҚ-ның басқарма төрағасына ғылыми жобаларды қаржыландыру және қамқорлық туралы мәселені оң шешу үшін 5 мың доллар пара берді деген күдікке ілініп отыр», - делінген хабарламада.

Қылмыстық іске байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты нақты шешімді сот шығарады.

Ринат Зайытов партия ашуға қатысты жоспарын айтты
Балаларынан уақытша бас тартқан ана перзенттерін бірде-бір рет іздеп келмеген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу