Мектеп оқушылары еден жумайтын болды

Oinet.kz 11-09-2019 1171

image.png

Білім министрі Асхат Аймағамбетов балаларға мектепте еден жуу міндеттелмейтінін айтты. Бірақ ата-ана мен баланың өзі қалап тұрса оны да шектемейтінін айтты, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі "31 арнаға" сілтеме жасап.

Қоғам белсенілері болса, білім басқармасындағылар кабинетті жуып, тазалыққа шықарғанша мектептердің проблемасын шешуге шақырады. Ата-аналар қауымын басқарып жүрген Гүлбану Әбенова бала мектепке сыймай, парта жетпей жатқанда директорлар қалайша еден жуып жүрмекші деп өз ойын білдірді. 

«Денешынықтыру сабағында бір бала қайтыс болды. Білім басқармасы неге барлық мектептердің спорт құралдарын тексермейді. Балалардың қауіпсіздігін неге ойламайды?», – дейді Гүлбану.

Мектепте еден жуғызуға қатысты ата-аналардың ойы екі бөлек. Бірі еңбекке бала кезден баулу керек десе, енді бірі қазіргі баланың еден жуу тұрмақ түстенуге уақыты жоқ деп отыр. 

Мектепте еден жуу ерікті түрде ата-ананың рұқсатымен жүзеге асырылады. Білім министрі оған ешқандай қажеттіліктің жоқ екенін мектептердің барлығы техникалық қызметшілермен қамтылғанын айтады. Бірақ ата-ананың өздеріне балаларды қазірден еңбекке баулып, жасына сәйкес үй шаруасына дағдыландырып отыруға кеңес береді.  

Қызылордадағы цемент зауытының кесірінен балалардың үстіне жара қаптауда
Түрмедегі Жәкішев денсаулығы нашарлап, босатуын сұрап отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу