Ашура күні 30-ға жуық адам көз жұмды
Ирактың Кербала қаласында Ашура мерекесінде 31 көз жұмды, деп хабарлады жергілікті биліктегілерге сілтеме жасаған Oinet.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 100-ге жуық адамның зардап шеккен.
Бүгінде Ашура күні Ирак, Иран, Ауғанстан, Әзірбайжан, Бахрейн, Ливан, Пәкістан, Сауд Арабиясы мен Сирияда атап өтіледі.
Полиция өкілінің мәліметінше, осы рәсім кезінде адамдардың бірі шалынып, құлап қалған. Салдарынан адамдар сығылысып, зардап шегіп, 31-і көз жұмыпты.