Жуырда «Бизнес по казахский»-ден асып түсетін кино шығады

Oinet.kz 12-09-2019 974

image.png

Қазақстанда Нұрлан Қоянбаевтың «Бизнес по казахский» киносынан асып түсетін комедия шығады. Себебі аталмыш киноның алғашқы бөліміне режиссерлік еткен Жеңісхан Момышев өз тәжірибесіне сүйеніп жаңа кинокартинасы арқылы асып түсу үшін білек сыбана кіріскен, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі Ревю бағдарламасына сілтеме жасап.

«Кішкене халық демалып, күліп, өзіне-өзі күліп қайтсын деген оймен «Базар жоқ, Мексика» деген туынды, франшиза жасап жатырмыз. Бұл, Алла бұйыртса, бір кинодан қалып қалмайды. Алла бұйыртса дүние жүзіне шығамыз» - дейді Жеңісхан Момышев.

Отандық ең табысты комедиялардың көшін бастап тұрған «Бизнес по казахски»-дің алғашқы бөліміне Жеңісхан Момышев режиссерлік еткенді. Сол тәжірбиесіне сүйеніп, Қоянбаевтың картинасына нағыз бәсеке бола алатын фильм таспалаймын деп білек сыбанып отыр.

«Негізі бұл менің өмірімдегі тұңғыш комедиям болмақ. Маған сценарий ұнады, кейпікерім көңілден шықты. Өйткені ол романтик, және комедия ол күлікілі жанр. Жеңісхан барлығын айтып бергенде, оның көзінен от көрдім. Ол өте амбициясы жоғары режиссер, мен де сондаймын. Сондықтан, сапалы комедия шығуы керек», - дейді фильмде рөл ойнайтын актер Асқар Ілиясов.

Еліміздегі түсірлім жұмыстарын тәмәмдаған ұжым Мексикаға аттанбақ. Алматыдан Түркияға, Түркиядан Амстердамға, Амстердамнан Мексикаға ұшып, 30 сағаттын әуеде өткізетін киногерлер жол машақатын тартудан да жүрексініп отырған жоқ. Бастысы – сапалы дүние жасау.

2024 жылы Қазақстанда 100 млн тонна мұнай өндіру жоспарда
Атышулы Say Mo Тиматимен болған келіспеушіліктің мән-жайын түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу