Саяси сауатты жастар анықталды

Oinet.kz 17-09-2019 899

Түркістандық студенттер еліміздегі жоғары оқу орындары арасында өткен саяси сауаттылық викторинасында жоғарғы орыннан көрінді. Нақтырақ айтар болсақ, Қ.А Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің 11 шәкірті ТМД елдерінің Парламентаралық ассамблеясы мен орталық сайлау комиссиясы ұйымдастырған сайыста үздік көрсеткішке қол жеткізді. Осыған орай облыс орталығында жақсы жетістікке жеткен студенттер марапатталды.

Screenshot_3.jpg

Биыл бірінші рет ұйымдастырылған викторинаға еліміздегі жоғарғы оқу орындарынан 170-тен астам студент қатысқан. Олардың 16-сы қазақ-түрік университетінің шәкірті. Викторина кезінде бір студентке сайлау және дауыс беру құқығына қатысты бас –аяғы 50 сұрақ беріліпті. Ал, бұл шараны мақсаты ел жастарының саяси белсенділігін артыру.

«Жалпы соңғы осы 4-5 жыл көлемінде өткізілген сайлауларда біз байқап жүрміз. Біздің саяси белсенділігіміз артып келе жатыр. Сол белсенділіктің нәтижесі деп есептейміз, мынау 170 студент қатысқан жарыста біздің студенттер жақсы жетістіктен көрінді», - деді Түркістан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев.

Screenshot_2.jpg

 Ердәулет Қазақ-Түрік университетінде мемлекеттік басқару мамандығы бойынша білім алады. Биыл төртінші курста оқитын ол викторинаға қатысып үшінші орынан көрінді. Өз білімін дәлелдейтін шараларға үнемі қатысып жүретін жас өзіне қойылған 50-сұрақтың 38-не сүрінбей жауап берген. Айтуынша, халықаралық ұйым тарапынан ұйымдастырылған шараның барлық сұрағы заңды білуге негізделген.

«Сұрақтың барлығы конституция бойынша келді. Мен үнемі мұндай жарыстарға қатысып жүремін. Сондықтан бұл жолғы викторина да маған аса қиын болған жоқ», - дейді 4-курс студенті Ердәулет Төрехан.

Screenshot_4.jpg

Соңғы уақытта біздің өңірде саяси шараларға жастарды көптеп тарту ісі жанданып келеді. Оған мысал биыл облыстағы сайлау комиссияларына мүшелерді қайта сайлау кезінде, бұрынғы құрамның 52 пайызы жастарға жаңартылған.

Жамбыл облысында 4 бірдей сібір жарасы тіркелді
Аша Матай: «Жолды жасай бермей, көпбалалы аналарға қолдау көрсету керек»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу