Балықшы 1 432 030 000 теңге тұратын балық ұстап алды

Oinet.kz 27-09-2019 1539

image.png

Сурет baq.kz сайтынан алынды

Ирландияда үш балықшы Кортмакшерри ауылы маңындағы судан құны 1 432 030 000 тұратын балық ұстап алды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Дэйв Эдвардс есімді ер адамның қармағына балық ілінеді. Жалғыз өзінің шамасы жетпеген соң оның достары Даррен О'Салливан мен Хенк Вельдман балықты судан тартып шығаруға көмектеседі. Оны судың бетіне шығарып алған соң ғана ирландиялық тұрғынның қармағына өте үлкен балық ілінгенін көреді. Эдвардс балықпен бірге суретке түсіп, белгі салып сол жердің жергілікті табиғатты қорғау жобасы тәртібіне сәйкес оны қайта суға жібереді.  

Жобалап есептегенде бұндай көлемдегі балықтың сомасы 3 млн фунт стерлинг тұрады (теңгеге шаққанда - 1 432 030 000 тг).

image.png

Волонтерлерлік жұмысты еңбек өтіліне қосып, оларды қолдау орталықтары құрылмақ
Кәмелетке толмағандарға жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу