Ресейліктер қазақтардың банк шотынан қыруар қаржы жымқырған

Oinet.kz 02-10-2019 933

Картинки по запросу банк шотынан ұрлаған

Алдау жолымен немесе ақпараттық технологияларды қолдану арқылы қазақстандықтардың банк шотынан қыруар қаржыны жымқырған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, мұндай 42 қылмыстық іс Ресей аумағында жасалған, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап. 

«Әзірге анықталмаған алаяқтар интернетте жалған жарнамалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып біздің азаматтарымыздың шоттарына қол жеткізіп, электронды тәсілмен Ресей Федерациясының аумағына қазақстандықтардың ақшасын аударған. Менің ойымша, шамамен 200 млн теңгеге жуық ақша бұл ақша Мәскеу, Санкт-Петербург, Уфа және тағы да бірнеше қалалар аумағында алынған. Минск конвенциясына сәйкес банктерден ақшаны алған тұлғалардың бейнетаспаларын алу жөнінде сұраныс жібердік», - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Марат Қожаевтың айтуынша, бұл рәсім практикаға сүйенсек екі айға созылады, себебі мемлекеттік органдар арасындағы келісім рәсімі Қазақстанының Бас прокуратурасы, Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы арқылы өтеді.

«Өзіңіз елестетіп көріңізші, бейнетаспаларды сақтау мерзімі өтіп кетеді. Қазір біз кейбір фактілер бойынша суреттердің сақталмағанын білдік. Осы келісім осындай жағдайларда барынша жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», - деді ол. 

Сондай-ақ, тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.

Қостанайлық футбол қақпашысы рекорд жасады
Тараздағы алаңға «Нұрсұлтан Назарбаев» атауы берілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу