Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қолжетімді баспана туралы айтты

Oinet.kz 03-10-2019 932

image.png

Нұр- Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қолжетімді баспана құрылысын арттыру туралы президент тапсырмасының орындалу барысы жайында Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, бұл тұрғын үйлер кезекте тұрғандарға арналған. Олардың қатарына тұрмысы төмен отбасылар мен жұмыс істейтін жастар еніп отыр.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, астана әкімі үлескерлік проблемасы бар құрылыс мәселесі мен қала шетіндегі ауыл-аймақтарды дамытуға тоқталды. Бұған алдағы үш жылдық бюджетте қаражат қарастырылған. Қаланы газбен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар да сөз болды.

Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегі туралы айтты
Биліктегілер 470 мыңға әскери билет сатқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу