Бүгін Путиннің туған күні

Oinet.kz 07-10-2019 865

244285543.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін 67 жасқа толып жатқан Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және Ресей халқының игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, достық пен тату көршіліктің берік қарым-қатынасына құрылған Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейде екенін атап өтті.

Екі елдің басшылары алдағы жұмыс кестесін ақылдасты. Оның ішінде, биылғы 6-7 қараша күндері Омбы қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының XVI аймақаралық форумына дайындық барысын талқылады.

Шерхан Мұртазаның құрметіне ескерткіш тақта қойылды
Қазақстанда Ресейдің рухани мәдениеті күндері басталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу