Қарағандыда жолаушылар автобусына оқ жаудырды

Oinet.kz 09-10-2019 797

Картинки по запросу оқ жаудырды

Қарағандыда оқиға 8 қазан күні кешкі сағат 19:00-де белгісіз біреулер жолаушылар автобустарына оқ жаудырды, деп хабарлайды OINET.KZ сайты baq.kz сайтына сілтеме жасап.

"Белгісіз адам 45 квартал аялдамасы маңында пневматикалық қарудан №40 автобустың (сол кезде автобустың ішінде 40-45 адам болған), №45 жолаушылар автобусының (шамамен 120 адам болған) және №33 жолаушылар автобусының терезелеріне оқ жаудырған (60-70 адам болған). Жәбірленушілер жоқ.Оқиға болған жерді тексеру барысында №45 автобус салонының ішінен 4,5 мм пневматикалық қарудың оғы табылған", - деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаментінде. 

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293 бабы 3 тармағы 2 бөлімі «Бұзақылық» бойынша

қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен күдіктіні анықтау және ұстау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

Елордалықтар қоғамдық көлікте жол ақысын банк карточкасымен төлей алатын болды
iPhone 11 смартфонын сатып алғандар шағымдануда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу