Жазасын өтеушілер абақтыда отырып ақша тауып, отбасын асырап жүр

Oinet.kz 09-10-2019 1105

Тараздағы жазасын өтеушілер нәпақа тауып, отбасын асырауда

Тараз қаласында сотталғандардың 90 пайызы жұмыспен қамтылып отыр. Түзеу мекемелерінде еңбек терапиясы қолға алынып, абақтыдағылар нәпақа тауып отбасын асырап отыр, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысындағы ҚАЖД ЖД-158/7 мекемесінде де бастау алған. Бүгінде мекеме аумағында 12 жеке кәсіпкерлік жүйелі жұмыс істеп отыр. Онда сотталғандардың 90 пайыз тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың дені әр түрлі өнім шығарар өндірістік бағытта болса, көбіне шикізат ретінде ағашты қолданады.

«Ағаш өнімдерінің жануға бейім бірден-бір материал екендігін ескерсек, сақтықта қорлық жоқ. Сондықтан арнайы жиындар өткізіп, тиісті сала мамандары, техникалық қауіпсіздік шараларын түсіндіру үстінде. Төтенше жағдайлардың алдын алып, тілсіз жаудан сақтану мақсатында сотталған жеке кәсіпкерлерді өндірістік аумақтарын мықтап қамдауға шақырудамыз»,-дейді мекеме бастығының міндетін атқарушы, әділет подполковнигі Алмазбек Азизбеков.

Алматыда ірі жол апаты орын алып, 6 адам зардап шекті
Нығматулин екіқабат әйелден де жай қимылдайтын Білім министрлігін қатаң сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу