Ресейлік жазушы: «Қазақстанның тағдырына бей-жай қарамайтын адаммын»

Oinet.kz 09-10-2019 1083

Картинки по запросу леонид млечинРесейлік жазушы Леонид Млечин Назарбаев туралы кітап жазған. Сол кезде Қазақстанның дамуына Тоқаевтың қосқан үлесін де зерттепті. Журналист Қазақстан президентінің ерекше қасиеті туралы да айтып берді, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайта сілтеме жасап.

"Мәскеуге келген кезде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Евгений Бажановпен неге кездескені түсінікті. Олар бұрыннан бері дос. Ал маған келер болсақ... Мен Қазақстанның тағдырына бей-жай қарамайтын адаммын деуге болады. Сондықтан Қазақстан президенті менімен кездескен болар",-  деді Леонид Млечин.

Журналист Леонид Млечин мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың таныстығына да біраз жылдың жүзі болған. Оларды кезінде Қытайдағы кеңес елшілігінде Тоқаевпен бірге жұмыс істеген қытайтанушылар таныстырса керек.

Жазушы Қазақстан президентінің ерекше қасиеті туралы да айтып берді. Леонид Млечиннің айтуынша, Тоқаев ескі достары мен әріптестерін ұмытпайды. Уақыттың тығыздығына қарамастан, олармен үнемі кездесіп, көмектесіп тұруға тырысады.

"Достармен жақсы қарым-қатынасты сақтау, өмірден озған достардың артында қалған отбасына көмектесу – кез келген адамның бойында болатын қасиет емес. Кезінде Евгений Примаков та мені өзінің осындай қасиетімен таңғалдырған еді", -деді ресейлік жазушы.

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа берген кезде Млечин оның билікке уақытша келмегенін нақты айтқан.

"Мен Қазақстанның жаңа президентін де ерекше құрметтеймін. Ол өзінің ел алдындағы міндетті түсінеді ", - дейді Млечин. 

image.png

Ыстық су мен жылуға қарызы барларға несие берілмейді
Алматы өмір сапасы бойынша әлемдегі үздік 100 қаланың қатарына кірмек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу