Елордада ұлттық спорт университеті ашылады

Oinet.kz 09-10-2019 929

Картинки по запросу тимур құлыбаев

Қазақстан бокс фудерациясының отырысында Тимур Құлыбаев ұлттық спорт университетін ашуды мақсат етіп отырғанын айтты. Алайда қаржыландыру мәселесінен әлі қолған алынбай отырғанын да қосып өтті, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз Нұр-Сұлтан қаласында Ұлттық Олимпиада комитеті арқылы алға Ұлттық спорт университетін құруды мақсат етіп отырмыз. Мұндай нақты мақсат бар. Алайда өкінішке қарай дәл қазіргі уақытта қаржыландыру мәселесі шешілген жоқ. Мұндай мәселені қарастыру бойынша Мемлекет басшысы тапсырма беріп қойған. Әлбетте, мұндай ұлттық Жоғары оқу орнының базасында ғылыми жұмыстар жүргізіледі. Жетістікке жеткен әр спортшының дайындығын, психикасын зерттейтіндей ғылым болуы керек. Бапкерлер осы ретте оқулық әзірлеуі тиіс. Себебі, боксты алып қарағанның өзінде бізде бірегей жетістіктерді топтастырып, оқулық ретінде шығаруға толық мүмкіндік бар», - деді Тимур Құлыбаев Қазақстан бокс федерациясының отырысында.

 Облыс орталықтарында спорт колледждерін ашу туралы үкіметтік деңгейде тапсырма бар. 

«Спортшылар осы колледждердің базасында оқып, теориялық білім алып, сонымен қатар, болашақтағы мамандығын бірге оқып алып жүруі тиіс. Облыс орталықтарындағы барлық спортшылар халықаралық деңгейге шыға алмауы мүмкін. Спортшылардың көбі жасөспірім шақтан ересектікке өткен кезде болашағы туралы ойлана бастайды. Бапкерлерге де жұмыс табылары анық», - деді ол.

Түркістан: Облыс жастары адал жолды таңдайды
Кесенеде жерленген Жауғаш батыр жайлы дәріс жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу