Жерлеу рәсіміне кететін шығын қандай?

Screenshot_1.jpg

Өлім. Жерлеу. Табыт. Адамзат баласының баршасының басына  түптін түбі келеді. О дүниеге аттанғанның артынан қалған бұл дүниеліктердің жасар амалдары қандай? Қазіргі табыс көзіне айналған жерлеу қызметтері  тұрғысында  мұсылмандар мен христиандардың жерлеу рәсіміндегі баға айырмашылықтарын ұсынамыз.

Табыс: Христиандар үшін жерлеуге қажетті ең басты нәрсе — табыт. Ағаштан жасалған қарапайым табыттар бағасы 15-35 мың теңге болса, элиталы табыттар құны 100-200 мың теңге аралығында. Арнайы шіркеулік жинақтар 2500 теңге тұрады.

Кресттер 15-50 мың теңге аралығында болса, зиратты қоршау құны 8000 теңгеден 50 мың теңгеге дейін. Катафалк жалдау бағасы 28 мың теңге, ал қызметкерлер ақысы мәйітханаға жеткізу үшін әр адамға (2 адам) 4000 теңге, жерлеу үшін 8 мың теңге болады.Мәйітті сақтау күніне 7000 теңге, жуындыру және киіндіру 8000-12000 теңге, жер қазу 25-30 мың теңге.

Мұсылмандардың жерлеу рәсімі. Жер қазу — 35000 теңге. Мәйітті шығаруға ұсынылатын табыт — 5000 теңге. Кебін бағасы 7000-8000 теңге. Молда  шақырту 25 мың — 58 мың теңге аралығында. Мәйітті жуындыру — 25 мың теңге. Мазар тақталары 18-28 мың теңге. Ескерткіш 80 мың мен 150 мың теңге аралығында.

Сонымен қатар мәйітті бр қаладан екінші бір қалаға жеткізу қызметтері де ұсынылады. Оның бағасы, мысалы, Қостанайдан Челябинскке жеткізу 300 мың теңге болса, Алматыдан Мәскеуге жеткізу құны 950 мың теңгені құрайды.Жалпы алғанда, мұсылмандардың ең қарапайым жерлеу рәсімін өткізу 300 мың теңгеге дейін жетеді екен. Ал ең қымбат  жерлеу рәсімі 10 мың долларға дейін барады.

Шығын: Өте үлкен кеңістікті жалға алу керек болады. Себебі, ғимарат ішінде жеке офис, табыттар тұратын, ескерткіш тақталар тұратын орын, мәйітхана мен қойма болу қажет. Жалға алу құны орналасқан жері мен ауданына қарай 200-500 мың теңге көлемінде. Табыттар мен ескерткіштерді жасауға қажетті құрылыс материалдарының шығыны бар. Сонымен қатар, мәйітке қажетті кремдер мен бальзамдар т.б. қажет.

Өлім байдың малын шашады, жоқтың артын ашады, - дегендей, жалпы, қазақ халқы тіріге емес, қайтқан адамға көп қаржы шашады. Бұл – тарихтан келе жатқан үрдіс. Ақы иелері қайтқан адамды жоқтап келгендер алдында "Ұятқа қалмас үшін" тырысатыны шындық.

Тіптен жетілік, қырқы, жылдық нәзірлерін көрнекілендіру үшін той секілді мол дастархан мен көп адамға ас-су тарататындар да бар. Үлкен мазар тұрғызғандар да жетіп артылады. Ал кейбіреулер намысқа тырысып, бәсекеге түскісі келеді. Мұндай ысырапшылдық – әрине, қате. Өлі разы болмай, тірі байымайдыға салыну ескіден қалған дағды, осындай шығынмен әрине байымайсын. Жерлеу рәсіміндегі әдеп-жоралғыларды азайту керек, бәлкім. Сіз қалай ойлайсыз, оқырман? 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Гүлнәр Салықбай. «Тамшылар, тамшылар...»
  • Асыранды
  • «Мен есейгенде...»
  • Тоқаш ұрлаушы
  • Майда ақша
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика