Махаббат феномені

Oinet.kz 09-08-2019 1225

Screenshot_13.jpg

Махаббаттың басты құпиясының бірі – оның таң қаларлықтай, екі жақты оптика сияқты екендігінде.Құдіреті,  сүйікті адамыңның жақсы жақтарын бинокльмен ұлғайтып көрсетіп, ал кемшіліктерін теріс айналдырылған бинокльмен кішірейтіп көрсететіндігі. Адам өзінің сүйікті ғашығын әлемдік өлшеммен теңестіреді. Ғашық адамның іштей өзінің таразысы болатындай, ол таразының бір басына ғашығын, ал екінші басына бүкіл жер шарын қояды. Яғни бір жанды бүкіл адамзатпен тең дәрежеде көреді, әлемнің сегізінші кереметіне балайды. Жақсы көру, сүю дегеніміз басқа адамды бүкіл әлемдік өлшем ретінде түйсініп, ұғыну, оны адамзаттың өкілі ретінде тану, оны бақытқа бөлеуге ұмтылу, оған адмзаттың шеңберінде қарым қатынас жасау, яғни оған шектен тыс қайырымдылықпен, мейірімділікпен және қамқорлықпен қарау. Шынайы махаббатта екі орталықтық, эгоистік қатынастар болмайды және бұл оның ең маңызды негізі болып табылады.

 Стендаль өзінің «Махаббат туралы» деген трактатында махаббаттың төрт түрлі формаларын көрсетеді. Олар:

- Махаббат ол құмарлық;

- Махаббат ол ақыл-ойдың бақылауынан шығып кетуге қабілетсіз және жүректе суық із қалдыратын ынтықтық сезім;

- Махаббат ол сәттілікпен басталған кездейсоқ жағдайда болатын инстинктердің күтпеген жерден жалын секілді жарқ етіп жоқ болып та кететін физикалық, яғни тән махаббаты;

- Махаббат ол паңдық, яғни буржуазиялық тұрғыдан есепке ғана негізделген пайдалылықты көздейтін алдын ала ойластырылған құдірет. Мұндай махаббаттың иегерінің сезімдеріне келсек, олар модадағы, қазіргі заманғы сәндегі әйелдерді ғана қалайды.

 Орыс философы В.Соловьев махаббаттың үш түрлі типтерін ажыратады, олар:

1.Махаббатты шын жүректен береді де, бірақ ақысына ештеңе  алмайды, бұл ата-ананың балаға деген махаббаты;

2.Махаббат -  ол бар мейірімді алады, бірақ қайтарымға ештеңе бермейді, бұл баланың ата -анаға деген махаббаты;

3.Махаббатта осы жоғарыда көрсетілген белгілердің екеуі тепе-тең түседі, бұл жыныстық немесе ерлі зайыптылардың махаббаты.

 Жақсы көруге, сүюге, махаббатқа деген қабілетсіздік биологиялық емес ол жанның, яғни психологиялық кемістігі. Махаббат әр түрлі дәреже мен деңгейде дамуы мүмкін, махаббаттың болмауы мүмкін емес,егер  махаббат болмаса адамзат та болмас еді.

Жерлеу рәсіміне кететін шығын қандай?
Еркін Шүкіман: «Сахнада шалбарым шешіліп, масқара бола жаздадым»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу