UFC тарихында ең көп табыс тапқан кім?

Oinet.kz 29-04-2020 1078

Screenshot_12.jpg

Ережесіз жекпе-жекте әлеміндегі ең белді ұйым – UFC тарихында ең көп табыс тапқан спортшылардың тізімі жарияланды.

Үздіктер көшін – Конор МакГрегор бастап тұр. 31 жастағы Ирландияның өкілі 2008 жылдың көтемінде алғашқы жекпе-жегін өткізді. Сол кезден бері 26 рет октагонға шығып, 22 мәрте жеңіске жетті. 20 қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. 2013 жылдан бері ол UFC-де күш сынасуда. Бірнеше рет чемпиондық атаққа да қол жеткізді. Сол жекпе-жектерінің арқасында 12 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан екен.

Жалпы МакГрегордың табысы осымен ғана шектелмейді. 2017 жылдың 26 тамызында оның кәсіпқой бокстың ережесі бойынша атағы жер жарған Флойд Мейвезермен жұдырықтасқаны жұртқа жақсы мәлім. Сол кездесуде жеңілгеніне қарамастан ирландиялық спортшы 30 миллион долларға иелік еткен еді. 

Жалпы UFC тарихында ең көп табыс тапқан спортшылардың тізімінде Конор МакГрегор көш бастаса, екінші және үшінші орындарды Алистар Оверим мен Хабиб Нұрмагомедов иеленуде. Нидерландтың алыбы 8,7 миллион, ал Дағыстанның дарабозы 7 миллион долларды еншіледі.

Осы арада айта кетелік, UFC 249 турнирі 9 мамырда өтеді. UFC турнир Джексонвилдегі (Флорида штаты, АҚШ) VyStar ардагерлерге арналған мемориалды аренасында өтетінін жариялады Турнирдің басты жекпе-жегі жеңіл салмақтағы америкалықтар Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи арасында өтпек.

Соңғы 25 жылдағы үздік футболшы
Әлемде құрамы ең қымбат футбол клубы анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу