Қанат неге «белсенді емес»?

Oinet.kz 24-02-2019 1518

1549521971129968.jpg

Кәсіпқой боксқа ауысқан жастардың жеңісі бүгінде ел аузында. Олардың жеңісінің дақпырты бір кездері шаршы алаңға атойлап шыққан Қанат Исламды көлеңкесінде қалдырған секілді. Спортсүйер қауымның оны іздейтініндей-ақ бар. Қанат 2017 жылдың 9 қыркүйегінде  WBO NABO және WBA-NABA белбеулері үшін канадалық Брэндон Кукты нокаутқа түсіргеннен кейін рингке шыққан жоқ.  

Алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Қанат Ислам (25-0, 20 КО) былтыр жаздағы спарринг кезінде аяғы тайып кетіп, сіңірін үзіп алған. Мамандардың айтуынша, мұндай жарақат ұзақ емделеді. Дәрігерлер қазір Исламға бірден реабилитация жасау керек болғанын айтады. Ол біраз жүріп қалған. Осы уақытқа дейін сол аяғының бұлшық еті бүріліп, кішірейіп кеткен. Енді осы аяғының сіңірін жазып, бұлшық етін де өсіру керек. Сондай-ақ ақпарат құралдары Қанаттың өзі мамыр айында АҚШ-та жұдырықтасқысы келетінін мәлім етті. Америкалық boxrec.com сайтында қазақстандық боксшының "белсенді емес" екені көрсетілгеніне байланысты боксшы карьерасын тоқтатты ма деген сұрақтар туындаған болатын. Алайда WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері бұл ақпаратты растамады.

Ал тағы бір боксшымыз Жәнібек Әлімханұлы кәсіби рингтегі бесінші жеңісінен кейін, Vesti.kz тілшісінің хабарлауынша, дивизион рейтингінде бірден 66 позицияға көтеріліп, 84- орынға жайғасты. АҚШ аренасында 2 ақпанда өткен жекпе-жекте 25 жастағы Әлімханұлы бесінші раундта лақап аты "жалдамалы кісі өлтіруші" америкалық Стивен Мартинесті нокаутқа жіберген болатын. Бұл нәтиже қазақстандықты BoxRec рейтингінде орта салмақтағы үздік 100 боксшының қатарына енгізіп 84- орынға жайғасуға мүмкіндік берді. Дивизионды мексикалық Сауль "Канело" Альварес бастайды, ал одан кейін Геннадий Головкин тұр. 

Орталық стадионға - 45 млн. еуро
Қазақстан спорты. Ит жылында несімен есте қалды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу