Ауыл шаруашылығы вице-министрі тағайындалды

Oinet.kz 07-11-2019 1062

image.png

Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ұлттық компаниясының бұрынғы басқарушысы Нұрбек Дайырбеков тағайындалды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Нұрбек Дайырбеков 1973 жылы 11 мамырда Алматы қаласында дүниеге келді. Ленин комсомолы атындағы Новосібір мемлекеттік университетін, ҚР президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық секторда, "Ақ-Бидай" ЖШС-де жұмыс істеген.

1997-2002 жылдары Алматы қаласындағы мемлекеттік азық-түлік келісім шарт корпорациясында жұмыс істеген. Сатып алу және өткізу басқармасының басшысы, басқарма басшысының орынбасары, бас маманы, Сыртқы экономикалық қызмет департаментінің директоры қызметтерін атқарды.

Дүниежүзілік олимпиадада қазақстандық жас шахматшы жүлдемен оралды
Қазақстанда күнкөріс деңгейі 12,4 пайызға өскен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу