Қызылордадағы апат туралы тың дерек шықты

Oinet.kz 04-12-2019 981

Қызылорда облысындағы жантүршігерлік жол апатынан сегіз адам жан тапсырды. Тағы 13 жолаушы хал үстінде жатыр, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.

Қызылорда.jpg

Зардап шеккендердің барлығы вахталық тәсілмен жұмыс істеген мұнайшылар. Ажалдан аман қалғандардың айтуынша, автобус апатқа ұшыраған сәтте жолаушылар түгел ұйқыда болған. Көктайғақ жолдан басқа есте ештеңе қалған жоқ дейді зардап шеккендер.

«Түнде білмейміз ғой, арамызда ұйықтап кеткендер болады. Не жағдай болғанын білмеймін, жол көктайғақ еді. Кейін түсіп жолды ұстап көрсек, көктайғақ екен, сырғанап тұр. Басқа ештеңе есімде жоқ», - деді зардап шегушілердің бірі.

Автобуста 36 жолаушы болған. Олар Шымкент, Тараз, Қызылорда және Түркістан облысының тұрғындары.

Автобус көктайғақтан апатқа ұшыраған деген болжам бар. Алайда көліктің техникалық ахуалы да күдік тудырып отыр.

Тайғақ жолда аударылып қалған ввтобус биыл наурыз айында соңғы рет техникалық байқаудан өткені белгілі болды. Бірақ ережеге сәйкес, бұл тектес транспорттар алты ай сайын тексерілуі тиіс. Яғни мұнайшылар мінген көліктің техникалық жағдайы қыркүйекте анықталу қажет болған. Алайда  көліктік қадағалау инспекциясының ортақ мәліметтер базасынан оның тексерістен өткені жөнінде әзірге мәлімет табылмады.

Төтенше жағдайлар департаменті көктайғақ болатынын ескерттік деп отыр. Қазір оқыс оқиғаға қатысты сотқа дейнігі тергеу басталды.

Еліміздің әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылы басталды
Қарағандыда із-түссіз жоғалған келіншектің денесі темір жәшіктен табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу