Сыныпқа жетекшілік еткен ұстаздардың айлығы көтеріледі

Oinet.kz 07-01-2020 1073

Осы жылдың бірінші күнінен бастап дәптер тексерген, сыныпқа жетекшілік еткен ұстаздардың айлығына қосымша үстемақы 25% жоғарылайды.

Мұғалім.jpg

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25% қосылады. Сынып жетекшілік, дәптер тексергені үшін үстемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылады. Егер магистр дәрежесі бар болып, қазір жұмыс істеп жүрген болса, онда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап үстемақы қосылады. Тәлімгерлікке келсек, қазір қағидаларын әзірлеп жатырмыз. Қағида қабылданғаннан кейін, заңды түрде рәсімделген соң реттейміз. Негізінде, біз оқу жылына жоспарлағанбыз. Бізге қаржы жеткілікті. Максималды түрде қарастыруға тырысамыз. Әділет министрлігімен кеңесілгеннен кейін, қағиданы бекіткен соң, тиісінше сол уақыттан бастап тәлімгерлік үшін тиісті ақы төленетін болады, - деді білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылов ОКҚ брифинг барысында.

Вице-министрдің айтуынша, елімізде мұндай жетістікке жететін оқытушылар көп емес. Ал, жеңімпаз атанған жағдайда бірден жергілікті атқарушы органдар бір реттік төлемақыны жасайды.

Олимпиадаларға келетін болсақ. Барлық олимпиадалар емес, халықаралық олимпиадалар ғана. Шамамен 5-7 олимпиада халықаралық деңгейде өтеді. Яғни, бұл қазір бар үлкен тізім емес. Бірінші кезекте, халықаралық олимпиадалар, конкурстар. Жүлделі орын алғаннан кейін жергілікті атқарушы орган оған бір реттік төлем жасай алады. Бұл сұрақ Парламент қабырғасында да жиі қойылды. Мұндай көрсеткіштер өте көп емес. Мен осындай жетістікке жеткен әрбір педагогты қадағалау мүмкін деп ойлаймын. Мұндай жағдайларға мониторинг жүргіземіз, - деді Бибігүл Асылова.

Бұған дейін вице-министр мұғалімнің зейнет жасы неліктен "Педагог мәртебесі" заңында қаралмағанына жауап берген болатын. Айта кетсек, өткен жылдың соңында ҚР "Педагог мәртебесі туралы" заңы күшіне енді.

Иран Дональд Трамптың «басы» үшін 80 млн доллар сыйақы бермек
Тоқаевтың Instagram желісіндегі оқырманы миллионнан асты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу