Өскеменде 35 млн теңге пара алды деген күдікпен шенеунік ұсталды

Oinet.kz 06-02-2020 1134

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің бірқатар басшылары Т35 млн көлемінде пара алған деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі.

Screenshot_17.jpg

Фото видеодан алынды 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. «Олар «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында жәрдемдесу мен жалпы қамқорлық үшін ЖШС өкілінен 35 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде» делінген хабарламада», - делінген бейсенбіде таратлыған хабарда.

Ведомствода атап өткендей, аталған лауазымды тұлғалар мен ЖШС өкілі ұсталып, Өскемен қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды.

«Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе қарастырылуда», - делінген хабарда.

Видео мына сілтемеде

«200 мың айлық ұсынамыз, бірақ жұмыс істейтіндер жоқ» – вице-министр
Самұрық-Қазына Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу