Украинада қытайлықтар мінген автобусқа тұрғындар тас атты

Oinet.kz 21-02-2020 1712

Украиналықтар қытайлықтар мінген автобусқа тас атты. Аспан асты елінен эвакуацияланған азаматтарды өздерінің облыстарына орналастырғысы келмеген жергілікті тұрғындар наразылық акциясын өткізді. Митингтің арты тәртіпсіздік және полициямен қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

73857e1c-fe83-498c-ab7a-2bc155985a1e.jpg

Тәртіпсіздік Украинаның Полтавский облысында орын алған. Ел билігі Қытайдан эвакуацияланғандарды осы облыстағы шипажайға орналастыруға шешім қабылдаған. Алайда жергілікті тұрғындар мұндай бастамаға қарсы болған. Кеше, 20 ақпанда облыс халқы көліктерімен шипажайға барар жолды жауып тастады. Көшеге ондаған адам шыққан. Нәтижесінде жиналғандар құқық қорғау органдарымен қақтығысты. бірнеше адам қамауға алынды.

- Митингтер мен наразылық акциялары биліктің шешімін өзгерткен жоқ. Эвакуацияланған азаматтарды шипажайға орналастырған. Азаматтар мінген автобусты полиция қызметкерлері алып жүрген, жол жағасына қоршау қойылған. Осыған қарамастан тұрғындар наразылықтарын білдіріп, балағат сөздер айтып, автобусқа тас лақтырған. Салдарынан транспоттьық көліктің терезелері сынған, - деп жазады РИА Новости.

Басылымның жазуынша, жергілікті тұрғындардың мұндай әрекеті эвакуацияланған украиналықтардың еңсесін түсірген.

Украина Ұлттық полициясының дерегінше, тәртіпсіздік салдарынан бір жергілікті тұрғын мен тоғыз полиция қызметкері зардап шеккен.

Жағдайға байланысты мемлекет басшысы Владимир Зеленский пікір білдірді. Ол наразылық білдірген азаматтардың әрекетін құп көрмей, Украинаға вирус тарамауы үшін биліктің барлық шараларды қолданғанын айтты.

Ақмола облысында қайғыла жағдай орын алды
Ресейлік кәсіпкер Қазақстан әуежайларының бірін сатып алмақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу