Тоқаев Әбдісағит Тәтіғұловтың отбасына көңіл айтты

Oinet.kz 21-02-2020 1258

Ол ұлттық сәулет мектебін қалыптастырып, шәкірт тәрбиелеудің озық үлгісін көрсетті.

Мемлекет басшысы архитектор, академик Әбдісағит Тәтіғұловтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі архитектор, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдісағит Тәтіғұловтың дүние салуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Әбдісағит Шаймұханбетұлы Қазақстанда құрылыс саласын дамытуға үлкен үлес қосқан қайраткер. Ұзақ жылдар бойы "KAZGOR" жобалау академиясын басқарып, елімізде еңселі ғимараттар мен салтанатты сарайлардың бой көтеруіне сіңірген еңбегі өте мол. Ол ұлттық сәулет мектебін қалыптастырып, шәкірт тәрбиелеудің озық үлгісін көрсетті. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із қалдырған Әбдісағит Тәтіғұловтың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады", – делінген Ақордада жарияланған жеделхатта.

Бас прокуратура Аблязовқа қатысты тың мәлімдеме жасады
Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді: 40 адам зардап шекті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу