Коронавирус індеті алты елден анықталды

Oinet.kz 27-02-2020 951

Аспан есті елінен бөлек коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны артуда. Оңтүстік Кореяда індет жұқтырғандар 1,5 мың адамнан асып кетті. Ал Еуропаның тағы төрт елінен қауіпті коронавирус анықталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

52486555_303.jpg

ТАСС таратқан мәліметтерге сәйкес, соңғы тәулікте Оңтүстік Кореяда коронавирусты 334 адам жұқтырған. Жалпы алғанда 1595 адамнан қауіпті инфекция анықталған.

РИА Новости басылымының ақпарынша, аталмыш вирус Норвегия, Финляндия, Грузия, Солтүстік Македония, Пәкістан мен Латын Америкасында тіркелген.

Норвегия Денсаулық сақтау органының хабарлауынша, коронавирус анықталған адам ауруынан айыққан, дегенмен ол карантинде жатыр.

Грузияның Денсаулық сақтау министрі де COVID-19 вирусын жұқтырған адамның ел аумағында тіркелгенін мәлім етті. Оның дерегінше, Әзірбайжан арқылыжақында ғана Ираннан келген Грузия азаматынан коронавирус анықталған.

Финляндияда да вирус жұқтыру жағдайы тіркелді. Инфекция Италиядан отанына оралған азаматтан табылған. Қазір оның емделіп жатқаны, денсаулығы жақсы екені хабарланды.

Сондай-ақ Солтүстік Македония мен Пәкістанда да вирус жұқтырғандар анықталды.

Басылымның хабарлауынша, ауру Латын Америкасына да жеткен. Коронавирус Бразилия азаматынан анықталған. Ол індетті Италияға жасаған сапары кезінде жұқтырған.

Соңғы деректерге сүйенсек, Қытайда 2744 адам коронавирус құрбаны болды. Соңғы бір тәулікте 29 адам көз жұмған. 32,5 мың адам ауруынан айыққан.

Айта кетсек, бұған дейін Грузияда коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелгені белгілі болды.

Прокуратура: «Дулат Ағаділдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ»
Гүлнара Каримова бас бостандығы үшін 686 миллион доллар беруге дайын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу