Гүлнара Каримова бас бостандығы үшін 686 миллион доллар беруге дайын

Oinet.kz 27-02-2020 848

Гүлнара Каримова Өзбекстан президенті Шавкат Мирзеевке өзіне қатысты қылмыстық істі тоқтатып, бостандыққа шығару туралы өтініш жасады. Қарымта ретінде Каримова 686 миллион доллар болатын барлық активін бермек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

b1-jllerzb.jpg

Хаттың суреттері Гүлнара Каримованың қызы Иманның Instagram парақшасында жарияланған. СentralАsia басылымының жазуынша, бұл парақшаны кәсіби адвокаттар жүргізеді.

Сонымен, Каримова өз хатында бір түзеу мекемесінен екінші бір түзеу мекемесіне тоқтаусыз тасымалдауға шағымданған.

Әйелдің хабарлауынша, отбасынан тәркіленген мүліктер мен активтер келтірілген залалдың қайтарымы ретінде тіркелмеген. Ол барлық мүлік пен автиктердің жалпы құны - 1,2 млрд долларға тең екенін атап өткен.

Оның сөзінше, мәселе дұрыс шешілген жағдайда мемлекет ұтады. Ал Каримова беретін ақшаны білім, медицина және басқа да салалардың дамуына жұмсауға болады.

Сондай-ақ, Ислам Каримовтың қызы өз денсаулығына шағымданып, ота жасатуы керек екенін айтқан. Гүлнара Каримова хатты көпшілікке жариялауға мәжбүр болғанын, бұған дейінгі ресми өтініштері Өзбекстан президентіне жетпегенін мәлімдеді.

Коронавирус індеті алты елден анықталды
Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне орай елордада бірқатар іс-шара өтеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу