Байбек оңға, солға тартпайды

Oinet.kz 19-03-2020 857

photo_284884.jpeg

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жуырда Жамбыл облысына жасаған сапары барысында партияның  ұстанымына қатысты пікір білдірді. 

 -Өздеріңіз білесіздер, жылдың басынан бері Елбасы тапсырмасымен өңірлерді аралай бастадық. Мұндағы мақсатымыз – жергілікті жерлерде болып, тұрғындармен, зиялылармен, ел ағаларымен кездесу, пікірлерін біліп, ұсыныстарын тыңдап, түйткілді мәселелерді бірлесе талқылау, шешу жолдарын қарастыру. Елбасы айтқандай, партияның үш мақсаты бар. Ол, біріншіден, халықтың пікірін білу, халықтың сөзін сөйлеу, оны билікке жеткізу. Екіншіден, билік тарапынан жасалып жатқан дүниелерді халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп айту. Үшіншіден, білім мен денсаулық саласының сапасына мән беру. Біздің саяси ұстанымымыз – центризм. Ол – орта жолмен жүру, оңға,солға тартпау. Біздің негізгі құндылықтарымыз – адам, оның бостандығы, Тәуелсіздік, ынтымақшылдық, отбасы, дәстүр, руханият және заңның үстемдігі. Ең бастысы, біз қабылданған заңдарды орындауымыз керек,-деді Б.Байбек. 

Бірінші орынбасар «нұротандықтардың» көңілін алаң қылған праймеризге де тоқталды. 

-Партия еліміздегі проблемаларды біліп қана қоймай, оларды шешу үшін қажетті қадамдар жасамақ. Олардың біріншісі – праймериз, яғни ішкі партиялық іріктеу өткізу арқылы қолынан іс келетін, білімді, елге сөзі өтімді, адал да абыройлы азаматтардың билікке, өкілетті органдарға келуіне ықпал ету болса, екіншісі – әрбір өңірдің ерекшеліктерін, нақты қажеттіліктерін ескере отырып, арнайы даму бағдарламасын әзірлеу. Сондықтан қазір бес жылдық осындай бағдарламаларды талқылап жатырмыз, - деді Бауыржан Байбек.

Тоқаев қазақстандықтардың 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіруді тапсырды
Жемқорлар әділ жазаланбайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу