Түркістанның бұрынғы әкімі Әліпбек Өсербаев қайтыс болды

Oinet.kz 18-04-2020 1510

Түркістан қаласының бұрынғы әкімі, Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Әліпбек Өсербаев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 

photo_66166.jpeg

Ол 17 сәуірде қайтыс болғаны хабарланды. Аудан басшысының неге, қалай қайтыс болғаны айтылмаған.

Әліпбек Өсербаев 1961 жылы 20 тамызда ОҚО-ның (қазіргі Түркістан облысы) Қызылқұм ауданында дүниеге келген. Инженер-химик-технолог мамандығы бойынша білім алған. Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды асбестцемент зауытының машинисі қызметінен бастаған. Одан әрі Түркістан құрылыс бөлімінің және ОҚО кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының меңгерушісі болған. Сондай-ақ, Түркістан және Кентау әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2017 жылдың желтоқсаны мен 2018 жылдың маусымы аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған.

2018 жылдың маусым айынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Түркістан қаласының әкімі болды, кейін Ордабасы ауданының әкімі болып тағайындалды. 

Қазақстанда коронавирус тағы 45 адамнан анықталды
42 500 теңгені қайтару: еңбек министрі ведомствоға айтылған сынға жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу