Астана адам құқықтарын бұзады

Oinet.kz 28-03-2019 773

53BBCFAF-68EB-4EC9-AC38-EAB477A42E76_w1023_r1_s.jpg

Қазақстан сыртқы істер министрлігі "Астана адам құқықтарын бұзады" деп қарар қабылдаған Еуропарламент депутаттарын "елдегі жағдаймен мұқият танысуға" шақырды. Бұл туралы министрлік informburo.kz агенттігіне берген ресми жауабында жазған.

14 наурызда Еуропарламент Қазақстандағы адам құқықтары мәселесі туралы резолюция қабылдаған. Әлгі құжатта Еуропарламент Қазақстан билігін "адам құқықтарын құрметтеп, халықаралық талаптарды орындауға, саяси қудалауларды тоқтатуға" шақырады.

Қарар қабылданған соң екі аптадан кейін ресми пікір білдірген сыртқы істер министрлігі "Қазақстандағы шынайы саяси және әлеуметтік ахуал қандай екенін осында танысуы үшін еуродепутаттарды елге жиі шақыруымыз керек екен" деп жазады.

"Еуропарламенттің жаңа шақырылымдағы депутаттары Қазақстанның заң шығарушы органдармен белсенді түрде байланып, құжаттарды дайындауға мұқият қарайды деп сенеміз" деп жазады министрлік.

Сыртқы істер министрлігі ресми жауабында "27-28 ақпанда Женевада Қазақстанның екінші ұлттық баяндамасын қорғап, қазақстандық делегация Біріккен ұлттар ұйымы комитетінің мүшелерін елде жүргізіліп жатқан реформалармен таныстырды" деп жазады.

Министрлік "сарапшылар білім беру және денсаулық сақтау, гендерлік теңдікті арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мүгедектер жағдайын жақсарту саласында ілгерілеу барын айтты" деп жазады.

Шардара су қоймасындағы тағы да шарасыздық
Шардараның әкімі неге шала бүлінді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу