Мақтарал ауданы әкіміне айыппұл салынды

Screenshot_5.jpg

Аудан, қала әкімдерінің мәселесі Тәртіптік кеңесте қаралып, олардың заңбұзушылықтары үшін тәртіп жаза алуы кейінгі кезде үйреншікті жайтқа айналды. Рас дәл мәселесі қаралатын күні қате басқан аудан әкімдерінің бірі ауырып қалады, бірі жолаушылап кетеді, бірі демалыста жүреді. Қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасын темір тордың арғы жағында өтеп жүргендері де аз емес. Ал, аудан әкімі әкімшілік жауапқа тартылды дегенді естіп отырғанымыз осы. 

--Былтыр сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында прокуратурамен сыбайлас жемқорлыққа байланысты шара көрмегені үшін мемлекеттік орган басшыларын әкімшілік жауапкершілікке тарту тәжірибесі жүзеге асырылды,--деді өткен аптада бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездескен облыс прокуроры Берік Құлтасов. 

Оның айтуынша, былтыр бірқатар ауыл әкімдері мен бөлім басшыларының үстінен қозғалған әкімшілік іс сотпен қаралып, оларға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған екен. 

Бұлардан бөлек қағаз-құжаттарына селқостық танытқан 8 шенеунік әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың арасында Ордабасы, Қазығұрт, Созақ, Төлеби аудандарының 7 ауыл әкімі және «арпа ішіндегі бір бидай»-- Мақтарал ауданының әкімі Серік Тұрбеков бар.

Прокуратураның мәліметіне қарағанда, аудан әкімдігінде қабылданған заңсыз нормативтік актіге мемлекеттік айыптаушылар наразылық енгізіп, оның күші жойылған. Осы жайтқа жол беріп қойған аудан әкімі Серік Тұрбековтің үстінен Әкімшілік кодекестің 354-бабының 1-бөлімімен әкімшілік өндірісін қозғау жөнінде қаулы қабылданыпты. Нәтижесінде соттың қаулысымен аудан әкіміне 14 130 теңге айыппұл салынған.  

Серік Тұрбековтің өзі үстінен қозғалған әкімшілік іске байланысты өткен сот отырысына барды ма екен? Салынған айыппұлды төледі ме екен? Қанша дегенмен айыппұл салу туралы сот қаулысы Тәртіптік кеңестің ұсынысы емес қой. 

Қалай болғанда да аудан әкімінің креслосында отырып заңсыз нормативтік акті қабылдап, сол үшін  әкімшілік жауапқа тартылған Серік Тұрбековтың мұнысы естіген жұртқа ұяттау болды.

Oinet.kz мұрағатынан

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІІМ есірткі бизнесін қолдайтын полицейлер туралы айтты
  • Еліміздің бірқатар тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды
  • Норвегияда Елбасының «Эпицентр мира» кітабы таныстырылды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды
  • Ольга Рыпакова «World Athletics» атлеттер комиссиясына мүше болды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика