Жазған анкетасында қате өріп жүрген адам аудан әкімі болып жүр

Oinet.kz 10-02-2011 1198

Screenshot_4.jpg

Созақ ауданының су жаңа әкімі Берік Мейірбековтің өзі толтырған анкета туралы ақпарат нақты құжат түрінде қолымызға түскенде не күлерімізді, не жыларымызды білмеген күй кештік. «Осындай сауатсыз адамға білдей ауданның тізгінін  қайтіп сеніп тапсыруға болады? Оны қызметке ұсынғандар неліктен мұның ұятын ойланбаған? Бір анкетаны дұрыстап толтыра алмаған адам мемлекеттік маңызы бар құжаттарға қалай қол қойып жүр?». Мақаланы оқыған оқырманның  қай-қайсысын да осындай ойдың мазалайтынына бек сенімдіміз. Сонымен қате өріп жүрген анкетаны оқиық. 

Ә, дегеннен-ақ әкімнің жазу мәнеріне қарнымыз ашты. Әріптердің бірін әрең түсінсең, бірін түсінбейсің. Анкетаның енді бір жерін кілең екілік алудан көз ашпайтын үлгерімі тым төмен бастауыш сыныптың оқушысы сияқты шимайлап жазыпты. Мына түрімен мектепті қайтіп бітіріп шыққанын кім білсін, бірақ қайсыбір жылдары мектеп директорының орынбасары қызметін атқарса да сауаты түзелмегеніне қайран қалдық.  Анкетадағы  «Қандай оқу орнын бітіргенсіз?» деген сауалға «узбекско-казахский» деудің орнына «Узбекски-казахский гуман. университет» деп толтырыпты. «Қандай шет тілдерін меңгергенсіз?» деген сауалға жазғанда «русским» демей «русскими» дейді. Абырой болғанда бірқатар сұрақтардың жауаптары «нет, нет...»болып бір ауыз сөзбен аяқталған. 

Анкетаны не таза қазақ тілінде, не бірыңғай орысша толтырмай екеуін  араластырып қойыртпақтатып жібергені жібі  түзу адамның тірлігі ме? «Сузакский РайОНО сш им. Алтынсарина», «Сузакский РайОНО завуч шк. Алимкулов», «Президент Чулак Курганский Автопарк» деп жазып-жазып келеді де енді бір тұстарда «1998 -2000. «Қуат» шаруақожалығының төрағасы с-Чулак Курган»,  «ТОО «Оңтүстік жарық транзит» филиалының Созақ ауданы бөлімшесінің бастығы» дейтінін қайтерсіз? Қайсыбірін айтайық, «Аким сельского округа Каракур» дегенді «Аким Кара Курского аула. С.Қаракур», «заместитель акима» дегенді «зам аким» Сузакского района» деп тәспісінен жаңылған. Отбасылық жағдайын баяндағанда ұл-қыздары оқитын оқу орындарының атын жазуда тағы сүрінеді. 

Айтпақшы созақтықтар оған «министр» дейтін лақап ат таңғанына біраз уақыт болды. Дардай «министр» атағы бар адамның, білдей аудан әкімінің мұнысы ұят-ақ. Сонда әкім Берік Мейірбековтің тілі мен тірлігі сауатсыздық па, әлде жауапсыздық па? Бұған баға беруді алдағы уақытта жалғастыра беретін боламыз. Әділ төрелікті тақсыр уақыттың өзі де айтар. Сіз не дейсіз мәртебелі оқырман? Егер аудан әкімінің де сынға қатысты уәжі болса, мархабат, хабарласуын күтеміз. 

oinet.kz мұрағатынан

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg

Машкеевич оралман мәртебесін алды
Мақтарал ауданы әкіміне айыппұл салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу