Машкеевич оралман мәртебесін алды

Screenshot_3.jpg

 ТМД-дағы ең бай еврейлердің бірі қазақстандық миллиардер Александр Машкеевич Израильде репатриант,  яғни «отанына оралған азамат» мәртебесін алды.

А. Машкевич сондай-ақ Израиль мемлекетінің дамуына қосқан ерен еңбегі үшін «Герцль қалқаны» медалімен марапатталған. 

--Бұл марапаттың мен үшін орны ерекше, өйткені оны беретін Герцль конференциясы Израильдегі стратегиялық жобаларды жасайтын ең маңызды интеллектуалдық орын емес пе? Осы конференцияның президиум мүшесі және «Еврей халқы» секциясының төрағалығына бекітілуім мен үшін үлкен мәртебе. Мен өзіме артылған сенімді ақтауға уәде етімін,—депті Машкеевич. 

Израйлдік интернет сайттарының жазуынша, А.Машкеевич шылқыған байлығын енді Израйлдің экономикасын өркендетуге жұмсап және сонымен бірге әлемнің әр елінде тарыдай шашырап жүрген еврей кәсіпкерлеріне баюдың қыр-сырын үйретпек көрінеді.

А.Машкеевич Қырғызстанда туылған. 1995 жылы Қазақстанға көшіп келген ол елдегі ең ірі кәсіпкерлердің қатарына қосылды. Ә дегеннен-ақ тасы өрге домалаған ол 2000 жылы Еуразиялық өнеркәсіп қауымдастығының президенті, Еуразиялық банкі директорлар кеңесінің төрағасы және «Қазақстан минерал ресорсес» компаниясының жетекшісі болды.  А.Машкеевичтің қысқа уақыттың ішінде мұндай биікке қол жеткізгені таңқаларлық емес пе? 

Қазақ елінің отын кешіп, суын ішіп жүргеніне қарамастан А. Машкеевич өзінің еврей екенін ұмытқан емес. 2000 жылы оның бастамасымен Қазақстан Еврей Конгресі құрылды. Оның президенті болған Машкеевич сонымен бірге Еуропалық  еврей конгресі  атқарушы комитетінің мүшесі, ал 2002 жылы әлемінің төрт құрылығындағы еврей қауымдастығының бірі--Еуразиялық еврей конгресінің президенті болып сайланды. 

Былтыр «Forbes» журналы Машкеевичтің байлығын 3,3 миллиард доллар деп бағалаған болатын. Бүгінде Қазақстан экономикасының төрттен бірін уысында ұстап отырған алпауыт «Еуроазиялық қаржы-өнеркәсіп корпорациясының» ірі  акционері, Оның компаниясы қазір елдегі алюминий, хром өнеркәсібіне қожайындық етеді.

Таңқаларлығы сол, Машкеевич осы уақытқа дейін Израильдің дамуына қандай үлес қосты екен? Оның Израильдегі стратегиялық жобаларды жасайтын Герцль конференциясының президиум мүшесі болуының астарында не жатыр? Ал,  Қазақстан экономикасының төрттен біріне қожайындық ететін компанияның ірі акционері енді Израильдің өркендеуіне білек түре кірісіп жатса, онда жетіскен екенбіз?!  

oinet.kz мұрағатынан

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • ІІМ есірткі бизнесін қолдайтын полицейлер туралы айтты
  • Еліміздің бірқатар тасжолында көлік қозғалысына шектеу қойылды
  • Норвегияда Елбасының «Эпицентр мира» кітабы таныстырылды
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырды
  • Ольга Рыпакова «World Athletics» атлеттер комиссиясына мүше болды
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика