Түркістан облыстық әкімдігінде кадрлық тағайындау болды

Oinet.kz 08-10-2020 803

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы міндетін уақытша атқарушы болып Жолдықараев Қанат Жарылқапұлы тағайындалды. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов басқарма ұжымына жаңа басшыны таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Сәкен Қалқаманов.jpg

Қанат Жолдықараев 1971 жылы 6 мамырда Түркістан облысы (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы) Төлеби ауданында дүниеге келген. Қ.Мұңайтпасов атындағы Алматының олимпияда резервін даярлайтын №1 училищесін, Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институты мен Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылы Шымкент қаласындағы мәдениет және денсаулық бөлімінің бас маманы қызметінен бастап, 2000 жылы ОҚО әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің олимпиадалық спорт түрлері бөлімінің бастығы, 2006 -2008 жылдары ОҚО бокстан олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Оңтүстік Қазақстан облыстық Олимпиадалық дайындық орталығы директордың орынбасары қызметін атқарған. 2008-2020 жылдар аралығында Алматы қаласы №1 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мамандандырылған спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты» МКҚК басшысы, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спорттан дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» директоры қызметтерін атқарған. 

«Дене шынықтыру мен спортты дамыту және қызметтері үшін», «Қазақстан Республикасының спорттық резервін дайындауға қосқан үлесі үшін», Ұлттық Олимпиада комитетінің «Құрмет белгісімен» марапатталған. «Ауғаныстан ардагерлері» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Кеңес Одағының батыры генерал Сабыр Рақымов медалінің, «Ата түрік» орденінің иегері.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың бірінші толқынына туралы ойын айтты
Баланы ұруға бола ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу