Тоқаев жаңа кадрлық тағайындау жасады

Oinet.kz 07-06-2021 2484

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Денис Шипп Алексейұлын Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы етіп тағайындады. 

Screenshot_1.jpg

"Шипп Денис Алексеевич Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы болып тағайындалсын", - делінген Ақорда хабарламасында.

Талғат Донақов Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы қызметінен босатылды.

Денис Алексеевич Шипп 1968 жылы 27 ақпанда Петропавл қаласында дүниеге келген. Үйленген және ұлы бар. Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін біледі. Омбы мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша, сонымен қатар Королев академик атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыштық университетін бітірген.

Screenshot_2.jpg

Кәсіби мансабын ағылшын тілінен аудармашы болып бастаған. Осы жылдары ол Солтүстік Қазақстан облыстық агроөнеркәсіп комитетінде, сондай-ақ салық полициясының инспекторы және Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің тергеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

Ол Петропавл қалалық сотында судья болды. 2006-2011 жылдары - Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының судьясы болды.

2011 жылдың ақпанынан 2015 жылдың желтоқсанына дейін Алматы қаласының мамандандырылған қаржы сотының төрағасы болып жұмыс істеді.

2015 жылғы 10 желтоқсаннан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы және мамандандырылған сот алқасының мүшесі болды.Сонымен қатар Қазақстан Судьялар одағының мүшесі.

Жас депутат Мәди Ахметов министрге өткір сауал жолдап састырды (видео)
Бақтияр Артаев жаңа қызметке тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу