Кабинетімді Құдай немесе ата-бабамның әруағы сақтап қалды - Ақтөбе облысы әкімі

Oinet.kz 16-01-2022

Ақтөбедегі жаппай тәртіпсіздік кезінде облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің жұмыс кабинеті еш бүлінбеген. Қаладағы оқиғаларға қатысты брифинг өткізген әкім кабинетінің бүлікшілерден қалай аман қалғанын айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Screenshot_3.jpg

"Біріншіден, менің ойымша, Құдай сақтады ма, ата-бабаның әруағы ма, иә, іштей білетін адамдар сескенді ме... Бірақ табалдырығынан аттаған жоқ. Әкімнің кабинеті қандай да бір Жаратушының арқасында аман қалды. Қанша дегенмен, билік киелі дүние ғой", - деді Оразалин. 

Митинг басталғалы жұрт көзіне көрінбей кеткен Оңдасын Оразалин екі сағаттық баспасөз мәслихатын берді. Бүлінбеген кабинетінен бөлек, көтерілістің қантөгіссіз аяқталғанына шүкір етіп отыр. Осы уақытқа дейін қаладан тыс шықпай, жұмыс орнында тапжылмай отырғанын айтады. 

Аймақта жарияланған төтенше жағдайды тоқтату үшін мемлекет басшысына өтініш жолдаған. Енді бірер күнде облыс әкімдігі ғимаратындағы қоршау алынып, қазына ақшасына қайта жөнделеді. Ал митинг кезінде наразы топпен кездесуге құлқы болмаған.  

Мәжіліс депутаты Назарбаевтың күйеубалалары не үшін қызметтен кеткені туралы шындықты айтты
Мәди Ахмет халыққа маңызды үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×