Мәжіліс депутаты 800 мың теңге жалақысына көңілі толатынын айтты

Oinet.kz 03-02-2022 1065

Мәжілісмендер жалақыдан жалақыға дейін өмір сүретіндерін айтады. Бұған қарамастан олар мораторийге қарсы шықпады. Бірауыздан алдағы 5 жыл жалақыларының өспейтінімен келісті, деп хабарлайды КТК арнасы. 

Screenshot_2.jpg

"Жалақы түсетін банк картасы жұбайымда. Ол ай сайын 630-650 мың теңге түсетінін айтады. Етті ауылдан, туыстарымнан аламыз. Білесіздер, қазір инфляция, баға көтерілуде. Сондықтан жалақыдан жалақыға дейін өмір сүреміз деуге болады", – дейді Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров. 

Жалақы мәселесі 2021 жылдың соңына қарай қызу талқыға түскен. Бұл кезде министрлердің орташа жалақысы 900 мың, ал облыс әкімдері 1,8 миллион теңге алатыны белгілі болған еді. Ал Мәжіліс депутаттары өз айлықтарының 500 бен 800 мың аралығында екенін мәлімдеген. 

"Қазіргі жалақы жеткілікті деуге болады. Себебі бұған дейінгі лауазымдарда мұндай жалақы алмағанмын. Мен үшін бұл әжептеуір сомма. Өмір сүру үшін және басқа идеяларды жүзеге асыруға жетеді деп ойлаймын", – деп мәлімдеді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.

Ерлан Қошанов мәжіліс депутаттарына мүлде көңілі толмады
Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары бойынша жедел ақпарат
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу