Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары бойынша жедел ақпарат

Oinet.kz 03-02-2022 422

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Шымкент қаласының энергия кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істейтінін хабарлайды. Электр энергиясын тұтынушылар толық көлемде жабдықталған. Ағымдағы жылғы 3 ақпандағы жедел ақпаратқа сәйкес электр энергиясын ажыратылған тұтынушылар жоқ.

Сондай-ақ, 2022 жылғы 3 ақпандағы жағдай бойынша жедел ақпаратқа сәйкес: «3-Энергоорталық» АҚ – да электр энергиясын өндіру 137 МВт құрайды және жұмыста № 2,3 - қазандық және № 1,2 - турбина. 

Сонымен қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС энергия беруші ұйымдары мен «KEGOС» АҚ «Оңтүстік жүйеаралық электр желілері» филиалы авариясыз режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз.

Мәжіліс депутаты 800 мың теңге жалақысына көңілі толатынын айтты
Күзет аймағын сақтау бойынша
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу