Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды

Oinet.kz 02-03-2022 615

Screenshot_1.png

OINET.KZ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатылды.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұловтың айтуынша, Мәжіліс депутаты Д. Назарбаева міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген. «Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға заңнамаға сәйкес, Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді А. Смағұлов. Палата депутаттары бұл ұсынымға қолдау білдірді. 

Еске сала кетейік , биыл 25 ақпанда Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату жөнінде қаулы шығарды.

Тоқаевтың халыққа жаңа жолдауын жариялайтын күн белгілі болды
Мұхамеджан Тазабек Тоқаевты жер-көкке сыйғызбай мақтады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу