Мұхамеджан Тазабек Тоқаевты жер-көкке сыйғызбай мақтады

Oinet.kz 02-03-2022 1536

Қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде сөйлеген сөзі және партияның жаңа атауы жайлы пікір білдірді. Ол өз жазбасында Тоқаевты жер-көкке сиғызбай мақтады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_2.jpg

"Президентіміз Тоқаевтің бүгінгі жиындағы сөзін тыңдап шықтым.

Қиын-қыстау заманда ел тізгінін қолға алған тұлғаның ішкі, сырты мәселелерді терең сезініп, бүгінгі күн үшін табанды шешімдер қабылдап, болашақ үшін қам жеп отырғаны сөзінен де, үнінен де сезіліп тұрды.

Партиялық ұйымның атын "Аманат" деп ауыстырғаны да - ел тағдырының қаншалықты аманат жүк екенін сезіну деп ойлаймын. 

Аманатқа қиянат жүрмесін. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жарқын күндердің есігін бірге ашуды Алла нәсіп етсін!

Әсіресе, әлемде боп жатқан күрделі жағдайларға нәзік ұстаныммен үн қатып, бабаларымыздан мұра боп қалған мәмілешілдік қасиетті үлгі етіп отырғаны ұнады. Әйтпесе, қазір қызбалықпен аяғын қаншама батпаққа батырып, ауызын артық сөзбен былғап, не істерін білмей отырған көшбасшы көп.

Сөз соңында: "Мен үшін ең басты құндылық – Қазақстанның Тәуелсіздігі. Мемлекет басшысы ретінде еліміздің қауіпсіздігі мен халқымыздың амандығын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Жауапкершілік жүгі қаншама ауыр болса да, одан еш қаймықпаймын" деп түйіндегені - түйіліп, күрделі заманда күндіз отырмай, түнде бел шешпей ел қамына іс қылар ердің бейнесін танытты" - деп жазды Мұхамеджан Тазабек.

Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды
Зеленский Путинге қояр басты талабын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу