Тоқаев отандық әскери техника шығаратын зауыт жұмысына арнайы барды

Oinet.kz 10-03-2022 1437

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада брондалған дөңгелекті техника шығаратын және жаңартатын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытын аралап көрді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Screenshot_9.jpg

Президентке отандық брондалған дөңгелекті машина шығару жұмыстары көрсетілді және қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіп кәсіпорны өнімдерінің көрмесі таныстырылды.

Мемлекет басшысына компанияның жұмысы мен отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жағдайы жөнінде мәлімет берілді.

Screenshot_10.jpgЗауытты аралап шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев аталған саланы дамытудың перспективті бағыттарын айқындап берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы отандық өндірушілерді қолдау қажет екенін атап өтіп, шығаратын өнімдерді техникалық тұрғыдан заман талабына сай жаңартуға шақырды.

Ринат Кертаевқа қамал алуға мүмкіндік берілді
Air Astana Ресейге ұшатын барлық рейстерді тоқтатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу