Ресей Украинада 40 мың жауынгерінен айырылды

Oinet.kz 24-03-2022 2377

Ресей Украинадағы соғыста 40 мың сарбазынан айырылды. «Мұндай ақпаратты НАТО-ның ресми өкілі арнайы брифингте мәлім етті» деп хабарлады «Америка даусы».

Screenshot_1.jpg

Бұл Ресей армиясының Украинадағы жалпы шығыны. Дәлірегі қаза тапқан, тұтқынға түскен, із-түссіз жоғалған жауынгерлердің саны. Мұның ішінде майдан даласында өлген солдаттардың саны 7 мыңнан 15 мыңға дейін жетуі мүмкін. 

"Украинада шамамен 7-15 мың ресейлік жауынгер қаза тапқан болуы мүмкін. Ал армияның жалпы шығыны 30 мыңнан 40 мыңға дейін жетеді»,-деп хабарлаған жоғарыдағы аталған ақпарат құралы. 

Бұған дейін ресейлік журналистер Украинадағы соғыста қаза тапқан 557 ресей жауынгерінің аты-жөнін анықтаған болатын.

Путиннен кейін шамамен кім Президент болатыныны белгілі болды
Путинді қандай тәсілмен өлтіретіні белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу