Мәслихаттың 50 пайызы можаритарлық жүйемен жасақталады

Oinet.kz 24-03-2022 1073

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларына сәйкес алдағы уақытта облыстық мәслихаттардағы депутаттық корпустың 50 пайызы партиялық тізіммен, 50 пайызы мажоритарлық жүйемен сайланады. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин телеграм каналында хабарлады. 

Screenshot_9.jpg

-Сайлаудың аралас пропорционалды-мажоритарлық әдісін Мәжілісте 70-те 30, ал облыстық мәслихаттарда 50-де 50 ретінде енгізу елдегі сайлаушылардың барлық деңгейін қамтуды көздейді,-деп жазған Ерлан Қарин.  

Елімізде бұған дейін облыстық мәслихаттар толығымен мажоритарлық жүйемен сайланған. 2021 жылдың қаңтарында өткен сайлауда мәслихаттар алғаш рет партиялық тізім бойынша жасақталды. 

16 наурызда халыққа арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта Мәжілістің 30 пайызын мажоритарлық, 70 пайызын пропорционалдық әдіспен, сондай-ақ облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихаттарды да аралас жүйе бойынша, ал аудандық, қалалық мәслихаттарды толығымен мажоритарлық жүйемен сайлауды ұсынған болатын.

Путинді қандай тәсілмен өлтіретіні белгілі болды
Түркістанда «Бабадан қалған бар мұра» көшпелі көрмесі ашылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу