«Бізге мұндай Президенттің керегі жоқ» - АҚШ Байденнен құтылмақ

Oinet.kz 19-04-2022 1302

АҚШ президенті Байденнің денсаулығының нашарлағаны соншалықты бұл елдің ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Мұндай сөзді Ақ үйдің бұрынғы дәрігері,  Республикалық партиясынан Өкілдер палатасына мүше болған Ронни Джексон мәлім етті. 

Screenshot_5.jpg

- Мен президентке диагноз қойып отырғаным жоқ, бірақ бүкіл әлем Байденде бірқатар проблемалардың барын көріп отыр. Ол когнитивті қиындықтардан зардап шегеді. Қазір бізге мұндай проблемалары бар бас қолбасшыны немесе мемлекет басшысының қажеті жоқ. Мұның бәрі Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіреді, - депті доктор.

Джо Байдженнің кейбір қылықтары расында да көпшілікті түрлі күдіктерге жетелейді. Мәселен президент 26 наурызда  Польшаға барған сапарында Мариуполь қаласының атын бірден айта алмады. 25 наурызда Польша жеріндегі АҚШ әскерилерімен кездесу барысында ол жауынгерлерге Украина жеріне қашан баратынын сұраған. 

15 наурызда АҚШ президенті Ақ үйдегі салтанатты іс-шарада вице-президент Камила Харристің жиынға қатыса алмайтынын, себебі оның күйеуі ауырып қалғанын хабарлаған. Әңгіме барысында ол «бірінші ханымның күйеуі» деген сөзді айтады. Артынша президенттің жұбайы Байденнің бұл сөзіне түзету енгізіп, бірінші ханымның күйеуі оның  өзі екендігін еске салған. 

Путиннің «подругасы» президент болуы мүмкін
Машкевичтің басына күн туды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу