Тоқаевтың жекжаттарына да шектеулер енгізіледі

Oinet.kz 21-04-2022 685

Әділет министрі Қанат Мусин енді Президенттің ағасы, әпкесі, балалары ұлттық компанияларға басшылық қызметке орналаса алмайтынын мәлім етті. 

Screenshot_5.jpg

«Қасым-Жомарт Тоқаев адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылатынын ескере отырып, Мемлекет басшысының жақын туыстарының мемлекеттік және квазимемлекеттік құрылымдарда басшы лауазымдарға орналасуына Конституциялық деңгейде тыйым салу жөнінде ұсыныс жариялады», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Айта кетері, Мемлекет басшысы бұл ұсынысты жуырда халыққа арнаған Жолдауында жария еткен болатын. Ендігі мәселе жақын туыстарының тізіміне кімдер кіреді?

 «Заңнамада жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері жатады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама да жекжаттар, яғни ерлі-зайыптылардың жақын туыстары үшін шектеулер белгілейді. Өз кезегінде, Президент Жарлығымен саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі айқындалып, оларға министрлер, олардың орынбасарлары, әкімдер, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалар жатқызылған. Осылайша, заңнамалық деңгейде тиісті тыйымдар белгіленгеннен кейін, мысалы, Президенттің ағасы, әпкесі, балалары «Самұрық-Қазына» немесе «Бәйтерек» сияқты ұлттық компанияларда басшылық қызметке орналаса алмайды», - деді министр.

БҰҰ Ресей мен Украинаны бітімге шақырды
Қоғамдық кеңес шу шыққан мәдениет басқармасының мәселесін талқыламақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу