Кедейі ең көп облыс - Түркістан

Oinet.kz 29-04-2022 1298

Ұлттық статистика бюросының таратқан мәліметіне қарағанда, үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына жетпейтін халықтың үлесі 2021 жылы 5,2% құрады (2020 жылы – 5,3%).

Screenshot_3.jpg

2021 жылы өңірлер бөлінісіндегі кедейліктің ең жоғары деңгейі Түркістан (9,8%), Маңғыстау (8,6%) облыстарында, ең аз үлесі – Нұр-Сұлтан (2,2%) қаласында тіркелді.

Статистикалық мәліметке сәйкес қала және ауыл тұрғындары табысының едәуір саралануы сақталған. Мәселен, қалалық жердегі табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз халықтың үлесі 3,8%, ал ауылдық жерде 7,2%. 2021 жылы кедейліктің ауылдық және қалалық деңгейлері арасындағы ең үлкен айырмашылық Атырау (9,1 есе) және Маңғыстау (4,3 есе) облыстарында байқалды.

«Кедейлік деңгейі – ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен табысы бар (тұтынуға пайдаланылған)  халық санының халықтың жалпы санына шаққандағы пайыздық қатынасы. Қазақстан бойынша 2021 жылы жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы орта есеппен айына 37 266 теңгені құрады. Бұл ретте әрбір өңірдің өзінің ең төменгі күнкөріс деңгейі есептеледі», - деп толықтырды  Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаментінің директоры Наталья Белоносова.

Қазақ сыныбындағы оқушылардың саны өсіп жатқан жоқ - министр
Путиннің ең әлсіз жері - Алина Кабаева
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу