Қазақстандық министрдің жасын сұраған Ердоған таңғалысын жасырмады

Oinet.kz 11-05-2022 639

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Қазақстанның 10 министрі жұмыс сапарымен Анкараға барған. Түркия Республикасының басшысы Реджеп Ердоған бір министрдің жасын естіп, таңғалған.

Screenshot_2.jpg

Ердоғанның Қазақстан үкіметінің мүшелерімен танысуы бейнеленген видеоны НеХабар Telegram арнасы жариялады. Бейнежазбада Тоқаевтың Түркияның министрлер басшысын таныстырғаны көрінеді. Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинмен қол алысқан Ердоған оған қызығушылық танытып, министрмен қысқаша әңгімелескен.

Кулли президенттік сарайында ресми құжаттарға қол қойылғаннан кейін Бағдат Мусин Ердоғанмен не жайлы сөйлескенін айтып берді.

"Жасымның нешеде екенін сұрады. Президентіміз түрік тілін білетінімді атап өтті. Бұл туралы да сөйлестік. Мен білемін, сөйлей аламын дедім. Жас көрінесің деді. Жасымды айтқанымда қатты таңғалды", – деді Мусин Tengrinews.kz тілшісіне жауап беріп.

Айта кетейік, Бағдат Мусин 39 жаста. Ол 2020 жылдың қыркүйегінен бері министр қызметін атқарып келеді.

Еске салсақ, Анкарада Түркияның Индустрия және технология министрі Мұстафа Варанкпен бірге ақпараттық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Түлкібастық «суперполицейге» кім тапсырыс берді?
Қазақ бауырларымыздың тұрақтылығы мен тыныштығына аса мүдделіміз - Эрдоған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу