Министр АЭС Қазақстанның қай жерінде салынатынын айтты

Oinet.kz 10-06-2022 1327

Энергетика министрлігінің басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысының кулуарында ведомствоаралық комиссия Қазақстанда АЭС салу үшін қай өңірді таңдағанын айтты.

Screenshot_18.jpg

Бүгінгі отырыс барысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС орналасатын өңір бойынша шешім қабылданғанын мәлімдеген еді. Осы ретте энергетика министрі Болат Ақшолақов атом электр станциясы дәл қай жерде орналасатынын айтты. 

"Біз өңір таңдау бойынша ведомствоаралық комиссия құрдық. Бұл Балқаш өңірі. Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңайы. Орналасу аймағын анықтадық, енді мен бұған дейін бірнеше рет айтқанымдай, су, экология, геологиямен байланысты ерекшеліктерді зерттеуді аяғына дейін жеткізу керек. Осыдан кейін нақты координаттар белгілі болады. Содан кейін оларға есептеулер жүргізіледі. Бірақ есептеу жүргізу үшін технологияны анықтау қажет, оны келесі жылы анықтаймыз", - деді министр. 

Тоқаев Қазақстанда АЭС салатын болды
Елімізде ерлі-зайыптылардың зейнетақы аннуитеті енгізіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу