Тоқаев: Украинаның ЕуроОдаққа кіруіне көмектесуіміз керек

Oinet.kz 18-06-2022

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургтегі РФ Президенті Путинмен өтіп жатқан кездесуде Украинаның ЕуроОдаққа өтуі туралы сұраққа ашық жауап берді.

Screenshot_1.jpg

"Украинаның Еуроодаққа қосылуы мүмкін болса, ЕурАзЭҚ-қа зиянын тигізуі екіталай. Бірақ мен кірудің қалай болатынын елестете алмаймын, өйткені қатаң талаптар бар. Ал Украина экономикасы аянышты жағдайда.

Кезінде Украина КСРО-ның дамыған республикасы, Кремльді кадрлармен қамтамасыз етуші мемлекет болды. Бұрынғы кеңестік көшбасшылардың көпшілігі Украинадан шықты. Оны бәріміз жақсы білеміз. 

Еуропалық Одаққа кіру туралы сұрағыңызға қайта оралсақ, егер мұндай шешім қабылданса, кіруге көмектесу керек. Бұл экономикалық одақ", - деді Тоқаев.

Тоқаев Путинге қарсы шықты. Путин әбден састы
Луганск билігі Тоқаевқа жауап берді


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×