«Сылтау қабылданбайды»: Тоқаев әкімдерді қатаң жазалайтынын мәлімдеді

Oinet.kz 28-09-2022 5559

Қазақстан Президенті реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Oinet.kz мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Елбасы білім алу үшін қалыпты жағдай жасау мемлекеттің ең маңызды міндеті екенін атап өтті.

«Өкінішке орай, осы уақытқа дейін көп айтылды, бірақ үш ауысымды, апатты, тозығы жеткен мектептерге қатысты мәселелер шешімін таппай отыр, сондықтан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру үкімет тарапынан да, мемлекет тарапынан және жергілікті атқарушы органдар тарапынан ерекше бақылауда болуы керек», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Әкімдер жер және инфрақұрылым бойынша барлық мәселелерді жыл соңына дейін шешуі керек. Бұл жерде ешқандай сылтаулар орынсыз. Сондықтан бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін әкімдердің жеке жауапкершілігін белгілеу туралы үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Құрылысы 2023 жылы басталуы тиіс мектептер үшін жер телімдерін бөлу және инфрақұрылымға қосу бойынша барлық мәселелер бір ай ішінде шешілуі керек. Қалғандары үшін - жыл соңына дейін. Бұл ретте бірден ескерткім келеді: әкімдерден мектепке қатысты жауап алу қатаң болады», - деп ескертті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев Аймағамбетовке қатаң тапсырма жүктеді
Пәтерақысының қымбаттауында мемлекеттің кінәсі жоқ, қазақстандықтар кінәлі - министр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу