Министр мұғалімдердің жалақысын тағы да көтеріп, көптеген жақсы жаңалықтар айтты

Oinet.kz 02-10-2022 4331

Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді кәсіби мерекемен құттықтап, келесі жылы мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға көтерілетінін мәлімдеді. Ол бұл жайында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Screenshot_4.jpg

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, Мемлекет басшысының шешімдері арқасында мұғалімдердің жалақысы бірнеше жылдан бері жыл сайын 25%-ға көтеріліп келеді. Биыл 25 жылдан астам еңбек еткен барлық ұстазға арнайы марапат тағайындалған.

Қыркүйек айынан бастап ел мектептерінің басым көпшілігі бес күндік оқу аптасына ауысты. Сондықтан министрлік осы мектептердің мұғалімдеріне сенбіні қосымша демалыс күні ретінде беруді жөн көрген.

"Енді өздеріңізге және жақындарыңызға көбірек көңіл бөле аласыздар. Келесі жылы қаңтар айынан бастап мектеп, колледж және қосымша білім беру ұйымдарындағы барлық педагогтің жалақысы тағы 25%-ға өседі. Сондай-ақ келесі жылы ел Президентінің тапсырмасы бойынша балабақшалардағы барлық тәрбиешінің жалақысы өседі. Біз бұл бағыттағы жұмысты тоқтатпай, бұдан да қолайлы жағдай жасауды жалғастыра береміз. Пандемия кезінде де өздеріңізді лайықты көрсете білдіңіздер. Көптеген ата-ана сіздердің жұмысыңыздың қаншалықты жауапты және қиын екенін тағы бір мәрте түсінді. Ал балалар мұғалімнің мейірімді көзқарасы, жылы сөзі, оның көмегі қаншалықты маңызды екенін сезінді. Мен қала және ауыл мектептеріне барғанда әріптестеріммен әңгімелескенді ұнатамын. Сіздердің білім саласына сіңіріп жатқан қажырлы еңбектеріңізді көріп, істеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз және адалдықтарыңыз үшін алғысымды жеткізгім келеді. Ұстаздар күні құтты болсын!", –  деп түйіндеді сөзін Оқу-ағарту министрі.

Орысша сұраққа қазақша жауап берген тұңғыш министр
Путин Нью-Йорк қаласын жер бетінен жойып жібермек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу