Ұлыбританияда үндістандық саясаткер премьер-министр болып тағайындалады

Oinet.kz 25-10-2022 985

Ұлыбританияның бұрынғы қаржы министрі Риши Сунак Консерваторлық партияның ішкі сайлауында жеңіске жетті. Алдағы уақытта ол елдің жаңа премьер-министрі болып тағайындалады. 

Screenshot_4.jpg

Риши Сунакпен бірге сайлауға Пенни Мордонт та түскен, алайда кейін ол өзінің сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді. 

"Риши Сунак Консерваторлық партияның жаңа көшбасшысы атанды. Бұл оның жақын арада Ұлыбритания премьер-министрі болатынын білдіреді. Сунак консерваторлар палатасы депутаттарының көпшілігінің қолдауына ие болды", – делінген хабарламада. 

42 жастағы Риши Сунак Ұлыбританияның ең жас әрі алғашқы үндістандық ата тегі бар премьер-министр болмақ. 

"Оның үнділік ата-анасы медцина мен фармацевтика саласында жұмыс істеген. 1960-жылдары Шығыс Африкадан Ұлыбританияға көшіп келген. Сунак беделді жекеменшік мектепте, кейін Оксфорд пен Стэнфордта білім алған. Осы жерде ол болашақ жары, үндістандық миллиардердің қызы Акшату Муртиді кездестірді. Оқуын аяқтаған соң Сунак Goldman Sachs инвестициялық банкінде жұмыс істеді. Қазір жұп ең бай британиялықтар тізімінде 222-орында тұр және екі қыздары бар", – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Лиз Трасс Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеген еді. Ол бұл қызметте 44 күн болған. Бұл – британ тарихындағы ең қысқа мерзім.

Ақорда алдында Тоқаевтың қатысуымен ту көтеру рәсімі өтті
Тоқаев банкке қарызы бар азаматтар үшін жаңа заң қабылдайтынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу